60 қазақстандық маман Қытайда біліктілігін арттырады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 17 маусым

Қазақстан отандық су саласы мамандарын даярлауда Қытаймен әріптестікті нығайтып жатыр, деп хабарлады Sputnik.

Қазақстан тарапы алдағы бірнеше жыл ішінде су шаруашылығы саласындағы отандық мамандардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік беретін орта мерзімді оқу жоспарын әзірлеуді ұсынды.

Бүгінде Қытайда қазақстандық 60 маман біліктілігін арттырды. Жыл соңына дейін тағы 60 маман Қытайда оқудан өтпек. Бұл курстар Қытай тарапының қаржысы есебінен ұйымдастырылып отыр.

«Біз тағылымдамалар мен білім беру бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу, сондай-ақ білім, тәжірибе және технологиялармен алмасу бастамаларын талқылауға дайынбыз. Екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастық Қазақстанның су саласындағы кадрлық әлеуетін дамытуға септігін тигізеді деп сенемін», – деді су ресурстары және ирригация министрлігі басшысы Нұржан Нұржігітов.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото