Қытайдың танымал блогері Таотао Қазақстан туризмнің елшісі атанды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 17 маусым

Қазақстанның Астана қаласында Kazakh Tourism басшысы Қайрат Сәдуақасов «Қазақстан туризмінің елшісі» мәртебесін Қытайдың танымал инфлюенсері Таотаоға табыс етті. Блогер өзінің ықыласымен Қазақстанның бай мәдениетін және табиғатын 7 миллиондық аудиториясына таныстырып келеді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Таотао Қазақстанның 3 өңірімен танысып үлгерді. Ол алғаш рет Қазақстанға 2024 жылы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барған болатын. Бұл жолы Таотао Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының бірегей табиғи жерлерін саяхаттап, Астана және Алматы қалаларының айналасымен танысты.

Таотао атқа мінуге үлкен қызығушылық танытады. Ол Қазақстанның мәдениеті мен көркем табиғи ландшафттарына ерекше назар аударады. Блогер өз жарияланымдарында Қазақстанның дәстүрлі киімдері мен ұлттық асхананы паш етеді, бүркітпен аң аулау тәрізді бірегей сәттермен бөліседі.

«Мұндай құрметті мәртебенің берілгеніне аса қуанып, ризашылығымды білдіремін. Барынша көп адам Қазақстан жайлы білсін және саяхаттап келсін деген ниетпен әсем табиғаттарыңыз бен ұлттық тағамдарыңызды көрсетуді жалғастырамын», - деп өз әсерімен бөлісті блогер Таотао.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото