«АСЕАН жемістері Гуансиде» іс-шарасы Наньинде басталды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 19 маусым

19 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 18 маусымда Гуансидің Наньнин қаласында «RCEP арқылы сатып алуды жеңілдету және жақсарту – Қытайда сатып алу · Гуанси станциясы» акциясы басталды.

Гуанси - Қытайдың АСЕАН-ға ашылған терезесі. Сондай-ақ елдегі ең ірі жеміс-жидек өндіретін өлке әрі АСЕАН жемістерінің Қытайға енуінің алдыңғы шебі.

Вьетнам, Бруней, Камбоджа, Индонезия және басқа 8 елден келген өкілдер жемістер мен RCEP өнімдерін тікелей эфирде немесе бейнекөрсетілімде жарнамалай алады. Гуансидің үкіметтік ведомстволары мен электрондық коммерция компаниялары оларды тиісінше насихаттайды.

Сонымен қатар, Қытай (Гуанси)—АСЕАН жеміс-жидек моделі жарияланды. АСЕАН жемістерін сатып алу, RCEP бірегей өнімдерін қайта өңдеу және АСЕАН жемістерін бүкіл ел көлемінде сату бойынша жобаларға қол қойылды. Бұл күні Қытай-АСЕАН жасанды интеллект ынтымақтастығы экожүйесін құру бастамасы да жарияланды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото