Қытай Сауда министрлігі: Қытай Орталық Азия елдерінен энергия, пайдалы қазбалар және жоғары сапалы ауылшаруашылық өнімдерінің импортын белсенді түрде кеңейтіп жатыр

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 20 маусым

20 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 19 маусымда Сауда министрлігінің баспасөз хатшысы Хэ Ядун баспасөз мәслихатында Астанада өткен Қытай-Орталық Азия саммиті кезінде Сауда министрлігі Орталық Азия елдерінің құзыретті ведомстволарымен экономикалық және сауда ынтымақтастығын нығайту үшін экономикалық сауда ынтымақтастығы, кедергісіз сауда-саттық, жасыл пайдалы қазбалар саласындағы ынтымақтастықты нығайту сияқты үш құжатқа қол қойғанын айтты. Сондай-ақ тиісті елдермен экономикалық және сауда, инвестициялар, электронды коммерция, экономикалық және технологиялық ынтымақтастық саласындағы бес екіжақты құжатқа қол қойды.

Хэ Ядун келесі қадам мына аспектілерге бағытталатынын айтты: біріншіден, Орталық Азия елдерінен энергия, пайдалы қазбалар және жоғары сапалы ауылшаруашылық өнімдерінің импортын белсенді түрде кеңейту және автомобильдердің, тұрмыстық техниканың, коммуникациялардың, тоқыма бұйымдарының және басқа да өнімдердің экспортын ынталандыру; сервистік сауда және трансшекаралық электронды коммерция сияқты жаңа сауда форматтарын дамыту.

Екіншіден, «жасыл» пайдалы қазбалардың бүкіл өнеркәсіптік тізбегін игеру мен кәдеге жаратуды тереңдету, сондай-ақ электромобильдер, биомедицина, жаңа энергетика және цифрлық экономика сияқты дамушы салалардағы ынтымақтастықты кеңейту. Орталық Азия елдері арқылы Қытай-Еуропа пойыздарының ашылуын ұлғайту, шекара порттарының тауарларды өткізу қабілетін арттыру, жеткізу тізбегінің тұрақтылығы мен кедергісіздігін қамтамасыз ету.

Үшіншіден, Қытайдың Қазақстанмен және Тәжікстанмен қол қойған инвестициялық жаңа келісімін жүзеге асыру; Қырғызстанмен сервистік сауда және инвестициялық келісімдер бойынша келіссөздерді жеделдету; Өзбекстан мен Түркіменстанның ДСҰ-ға кіруін табанды қолдау және Орталық Азия елдерімен ынтымақтаса отырып, ДСҰ-ның өзегі болып табылатын көпжақты сауда жүйесін қолдау.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото