Жылдың жақсы мезгілі: Жазғы тоқырау

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 21 маусым

21 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Баршаңызға сәлем! Мен саяхаттағанды жақсы көретін Сисимін! Сіз білесіз бе, жыл бойында Солтүстік жарты шарда күндізгі уақыт ең ұзақ болатын күн қай күн? Дұрыс, ол – бүгінгі күн, яғни Күн тоқырауы, алдыңғы жарты жылдың ең соңғы амалы. Осы сәтте мен шуақты Үрімжіде сіздерді қаланың 15,5 сағаттық күндізгі уақытын бірге өткізуге шақырамын!

Жазғы күн тоқырауында күн тропикке тікелей түседі. Күн сәулесі барынша мол бұл мезгіл дақылдардың қарқынды өсуінің негізгі маусымы. Сондықтан Қытайдың көптеген аймағында жазғы тоқырауда жаңа бидай ұнымен кеспе жеу дәстүрі бар. Бір шыны кеспе – жер анаға алғыс айтуды ғана емес, сонымен қатар баянды гүлденген өмірге деген үмітті де білдіреді.

Шыңжаңда жазғы күн тоқырауын күн шуағының фестивалі деуге болады, таңертең ерте бауырсақпен бірге бір кесе ыстық сүтті шай өміршеңдікке толы күнді бастайды; түстен кейін Үлкен базарға барып, мұздатылған қауын мен йогурт тұшпарасын ішіп салқындайсыз; кешке батып бара жатқан күннің шуағында алаңда биге басасыз, осылайша өмірге деген құштарлығыңыз күннен түнге дейін жалғасады.

Күн сәулесіне деген сүйіспеншілік – әр өңірдің ортақ тілі. Әлемнің арғы жағында Швеция сияқты Скандинавия елдері де маңызды фестиваль - Жаз ортасы мерекесін қарсы алады. Адамдар гирляндалар киіп, бақа биін билеп, Майполдың айналасында ән айтып, би билейді. Қысы ұзақ, жазы қысқа климатта өмір сүретін скандинавиялықтар үшін жазғы күн тоқырауы қараңғылықты сейілтіп, жарықты қарсы алуды білдіреді.

«Жасыл ағаш көлеңкесі, жаз үні, Көл ішінен көрінеді сағымы».

Үрімжіге келіп, ұзақ күнде шексіз өміршеңдікті сезініңіз. Сіздің туған жеріңіз жазғы күн тоқырауын қалай қарсы алады? Жазғы күн тоқырауы туралы естеліктеріңізді бөлісуге және осы жыл амалының мәдени қазыналарымен көбірек танысуға қалай қарайсыз?!

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото