Қазақстанның жеті өңірінде халық саны 1 млн адамнан асады — статбюро

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 2 шілде

1 маусымдағы көрсеткішке сай Қазақстан халқының саны 20 370 672 адамға жеткені белгілі болып отыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық статистика бюросы мәлім етті деп жазды Kazinform.

Жыл басынан бергі өсім — 87,2 мың адам, оның ішінде:

табиғи өсім есебінен — 80 мың адам

көші-қон есебінен — 7,2 мың адам

Қазақстанның жеті өңірінде халық саны 1 млн адамнан асады:

1. Алматы қ. — 2 314 929 адам

2. Түркістан обл. — 2 150 992 адам.

3. Алматы обл. — 1 575 657 адам

4. Астана қ. — 1 566 566 адам

5. Шымкент қ. — 1 274 296 адам

6. Жамбыл обл. — 1 220 481 адам

7. Қарағанды обл. — 1 133 068 адам

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото