Қазақстан Мемлекет басшысы Астанадағы АӨСШК штаб-пәтерінің ашылу рәсіміне қатысты

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 3 шілде

ҚР Президенті Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) штаб-пәтерінің ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбай Ұйымның негізгі кеңсесіндегі ескерткіш тақтаны салтанатты түрде ашты. Содан кейін Құрмет қарауылы ротасы АӨСШК туын көтерді.

Қазақстан Мемлекет басшысы жаңа штаб-пәтердегі жұмыс кабинеттерін, open space аумағын, аудармашылар кеңсесін, төрағалық залын және музей-кітапхана бөлмелерін аралап көрді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото