- Барлық ақпарат
600 мыңнан аса Қазақстандық демалысын Өзбекстанда өткізді
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 4 шілде
Биыл қаңтар-сәуір айлары аралығында Өзбекстанға 3,1 миллионнан астам шетелдік турист келді, бұл өткен жылдың сәйкес кезіңімен салыстырғанда 46,4%-ға көп, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Өзбекстанның Ұлттық статистика комитетінің өкілдері мәлім еткендей, елге саяхаттап келген шетелдіктердің көбі — Қырғызстан (942,2 мың адам) мен Тәжікстан (793,9 мың адам) азаматтары.
Бұл ретте үштікті Қазақстан түйіндейді. Биыл қаңтар-сәуір аралығында 617 мыңнан аса қазақстандық демалысын Өзбекстанда өткізген.
Туристердің көбі Ташкент, Самарқанд, Бұхара және Хиуа қалаларының көрікті жерлеріне саяхаттаған.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online