Сианьнан Қазақстанның Шымкент қаласына тікелей рейс ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 4 шілде

4 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 3 шілдеде Skat Airlines авиакомпаниясының рейсі Сиань Сяньян халықаралық әуежайынан ұшып, Қазақстанның Шымкент қаласына қонды. Сөйтіп Сиань қаласы ел бойынша көш бастап, Орталық Азияның бес елі мен сегіз қаласына рейс ашты.

Мәліметтерге сәйкес, осы жылдың бірінші жартыжылдығында Сиань Сяньян халықаралық әуежайына Орталық Азия елдерінен 78 000-нан астам жолаушылар келіп-кетіп, 700-ден астам рейс қатынаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда сәйкесінше 40% және 19%-ға өскен.

Бұған дейін Сианьнан Шымкентке төте бағыт болмағандықтан алмасып баруға кем дегенде 12 сағат кететін. Бұл бағыттың ашылуы жолаушылар тасымалын 5 сағатқа дейін қысқартты.

Осы уақытқа дейін Сиань Сяньян халықаралық әуежайы барлығы 58 жаңа халықаралық жолаушылар бағытын ашты. Оның ішінде Сиань мен Орталық Азия арасындағы екі бағытта қатынайтын рейстер саны 18-ге дейін өсті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото