- Барлық ақпарат
7-інші Қытай Шыңжаң халықаралық халық би фестивалінде 8 елдің әртістері өнер көрсетеді
4 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші 2 шілде күні өткен «7-інші Қытай Шыңжаң халықаралық халық би фестивалі» баспасөз мәслихатынан «7-інші Қытай Шыңжаң халықаралық халық би фестивалі» 2025 жылдың 20 шілдесі мен 5 тамызы аралығында өтетінін білді. Шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Камбоджа, АҚШ және Италиядан танымал би топтары шақырылды.
Шыңжаң халықаралық халық биі фестивалі кезінде ел іші сыртынан келген 24 өнер ұжымы көптеген мәдениетті тоғыстырған 52 тамаша өнер қойылымын ұсынады.
Шара Шыңжаңның жеті аймағында өтеді, ал басты іс-шара Шыңжаңның әкімшілік орталығы Үрімжі қаласында болады.
2008 жылы құрылғаннан бері Қытай Шыңжаң халықаралық халық би фестивалі алты кезекті сәтті өткізіп, оған 70-тен астам ел мен аймақтан барлығы 138 өнер труппасы қатысып, 200-ден астам тамаша отандық және шетелдік қойылымдарды жұртшылыққа ұсынды.
people.cn © People's Daily Online