Қорғас портындағы сауда-саттық жеделдеп, 5000-ыншы пойыз межесі 42 күн бұрын орындалды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 4 шілде

4 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 2 шілдеде электронды өнімдер мен күделікті қажетті заттарға толы пойыз Қорғас портынан шығып, Польшаға бет алды. Бұл биылғы Қорғас арқылы өтетін 5000-ыншы Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойызы, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 42 күн бұрын орындалды.

Қорғас портындағы Қытай-Еуропа пойыздарының саны жаңа деңгейге жетті, бұл халықаралық логистикалық арнаның тиімді және үздіксіз екендігін көрсетеді. Интеллектуалды реформаның арқасында порттағы кедендік рәсімдеудің тиімділігі айтарлықтай жақсарды, «Бір белдеу, бір жолдың» өзара байланыс рөлі одан әрі нығайып, Қытайдың Орталық Азия және Еуропамен экономикалық сауда ынтымақтастығына жаңа серпін берді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото