- Барлық ақпарат
Тяньцзинь қаласында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті
16 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 15 шілдеде ҚКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван И Тяньцзиньде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына төрағалық етті.
Беларусь Сыртқы істер министрі Максим Рыженков, Үндістан Сыртқы істер министрі Субраманьям Джайшанкар, Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи, Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев, Пәкістан Премьер-министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі Исхак Дар, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин, Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов, ШЫҰ Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев және ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының Атқарушы комитетінің директоры Уларбек Шаршеев қатысты.
people.cn © People's Daily Online