Өзбекстан халқының саны 38 миллионға жуықтады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 16 шілде

Бір жылда Өзбекстанда халық саны 2 пайызға өсіп, 37,8 миллионнан асты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

- 2025 жылдың 1 шілдесіндегі мәліметке сай, Өзбекстандағы тұрақты халық саны - 37 859 698. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2% өсім байқалды», - деп мәлім етті Өзбекстанның Ұлттық статистика комитетінен.

Ресми дерекке сәйкес, халықтың 19,1 миллионы – ер, қалған 18,8 миллионы – әйел.

Еске салайық, былтыр сәуірде Өзбекстан халқының саны 37 миллионнан асты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото