- Барлық ақпарат
Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 16 шілде
Қазақстан ОПЕК+ мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан шықпайды. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді деп жазды Sputnik.
"Бұл ұйым пайдалы және мұнай нарығындағы тұрақтылыққа ықпал етеді деп санаймыз. Біз ұлттық мүддені ескере отырып, өз міндетімізді орындауға барынша тырысамыз", - деді ҚР министрлер кабинетінің басшысы.
Бектенов биыл Теңіз кен орнында кеңейту жобасының енгізілуіне байланысты Қазақстан айтарлықтай табысқа жете алмағанын атап өтті.
"Өнімді бөлісу келісіміне оралсақ, мұның бәрі қарастырылған. Біз жобаны аяқтағаннан кейін болжамдық міндеттемелерді асыра орындайтынымызды үнемі айтып келеміз",- деді ҚР Премьер-министрі.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online