Қазақстанда 44 градус қатты ыстық болады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 16 шілде

«Қазгидромет» РМК-сы шілденің 16-17 аралығындағы күн райы болжамын жариялады деп жазды Kazinform.

— Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр, найзағай күтіледі. 16 шілдеде батыста, солтүстікте, 17 шілдеде солтүстік-батыста және солтүстікте қатты жаңбыр, бұршақ, дауылды жел болжанады. Тек Қазақстанның оңтүстігінде жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы күтіледі,- делінген хабарламада.

Күндіз 16–17 шілдеде ҚР-сының оңтүстік-батысында өте қатты ыстық 39–44°С, 17 шілдеде орталықтың жекелеген аудандарында 40°С дейінгі өте қатты ыстық болжанады.

Оңтүстікте 40–44°С, оңтүстік-шығыста 40–42°С, солтүстік өңірлерде 30–35°С, ал шығыста 35–38°С қатты ыстық күтіледі.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото