- Барлық ақпарат
Қытай мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 2024 жылы сәйкес мезгілмен салыстырғанда 10,1%-ға артты
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 31 шілде
31 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Сауда министрлігінің жауапты өкілі 30 шілде күні өткен баспасөз мәслихатында Қытай мен Моңғолия арасындағы екіжақты сауданың ауқымы үнемі кеңейіп келе жатқанын айтты. Қытай статистикасына сәйкес, Қытай мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 2024 жылы 18,62 миллиард АҚШ долларына жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,1%-ға артып, Қытайдың сыртқы саудасының жалпы өсімінен 5 пайыздық тармаққа асып, рекордтық көрсеткішке жетті. Қытай ұзақ уақыттан бері Моңғолияның ең ірі сауда серіктесі, импорттың ең ірі көзі және экспорттың мақсатты елі ретіндегі мәртебесін сақтап келеді.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online