Қытайдағы құлпырған гүлдер

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 14 қазан

14 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайда күн сайын миллиондаған гүл құлпырып, өмірге нәр беріп келеді. Сол сияқты, көптеген әйелдер де өз саласында табандылық пен сүйіспеншіліктің күшімен шексіз жетістіктерге жетіп, өмірдің сан қырын көркейтіп жүр.

Лу Шэнмэй - медицина саласында өмірді қорғап жүрген жан, Чжан Гюймэй - білім саласында ағартушы. Екеуі елдің солтүстігі мен оңтүстігінде тамыр жайып, гүл секілді күн сәулесіне қарап құлпыруда.

Ту Юю артемизинді зерттеуге бүкіл ғұмырын арнап, кішкентай шөпті құтқарушы «жұлдызға» айналдырды.

Қытайдың алғашқы «ғарыш мұғалімі» Ван Япин «Тяньгун сыныбын» үш рет ашып, оқушылардың жүрегіне ғарыш арманының дәнін септі.

Сұлулардың әрқайсысы өз өмірінің басты кейіпкері, әрқайсысының өзіне тән ең әдемі түсі бар.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото