- Барлық ақпарат
Елімізде L3 деңгейлі автоматты көліктердің алғашқы партиясы мақұлданды

16 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 15 желтоқсан күні Индустрия және ақпараттық технологиялар министрлігі Қытайда L3 деңгейлі шартты автоматты көліктердің алғашқы партиясын мақұлдағанын ресми түрде жариялады. Бірі қалалық кептеліске бейімделген, екіншісі жоғары жылдамдықты тасжолда жүруге арналған екі модель Бейжің мен Чунциннің белгіленген аймақтарында сынақтан өткізіледі.
Жарияланған екі модель - Changan Automobile компаниясының таза электрлік седаны және BAIC компаниясының ARCFOX таза электрлік көлігі. Біріншісі жоғары жылдамдықты тасжолдар мен қалалық экспресс-магистральдарда кептеліс жағдайында бір жолақта 50 км/сағ жылдамдықпен автоматты басқару функциясын орындай алады. Қазіргі уақытта бұл функция Чунциндегі жолдардың белгілі бір бөліктерінде ғана қолданылады. Соңғысы жоғары жылдамдықты тасжолдар мен қалалық экспресс-магистральдарда бір жолақта 80 км/сағ жылдамдықпен автоматты жүргізуге қол жеткізе алады. Қазіргі уақытта бұл функция тек Бейжіңдегі жолдардың белгілі бір бөліктерінде ғана қолжетімді.

Екі автоөндіруші де қажетті талаптарға сәйкес өнімді сынаудан және қауіпсіздікті бағалаудан өтті.
Еліміздің «Автокөліктерді жүргізуді автоматтандырудың жіктемесіне» сәйкес, жүргізуді автоматтандыру деңгейі L0-ден L5-ке дейінгі алты деңгейге бөлінеді. Олардың ішінде L0 жүргізуші басқаратын, L1 және L2 жүйелік көмекпен адам басқаратын, ал L3 шартты автоматтандырылған жүргізу болып жіктеледі.
people.cn © People's Daily Online



