- Барлық ақпарат
БҰҰ Туризм ұйымы Харбинге «Қар-мұз туризміндегі әлемдік үздік қала» атағын берді

17 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 16 желтоқсан күні Харбинде өткен «Хэйлунцзян 2025 Дүниежүзілік туризм экономикасы форумында» БҰҰ Туризм ұйымы (UN Tourism) Харбинге «Қар-мұз туризміндегі әлемдік үздік қала» атағын ресми түрде берді.

«Мұз қаласы» деген атпен танымал Харбин — Қытайдағы заманауи қар-мұз спортының алтын бесігі. Ол сегіз жыл қатарынан «Қытайдағы қар-мұз туризмінің үздік он қаласының» қатарында көш бастады. Қар-мұз экономикасының жалпы көлемі 160 миллиард юаньнан асты. Қала сонымен қатар «Әлемдік музыка қаласы», «Халықаралық сазды қала» және «Олимпиада чемпиондарының қаласы» сияқты басқа да көптеген марапаттарға ие.

Харбин қар-мұз туризмі нысандары мен қызметтерін үздіксіз жаңартып, қар-мұз индустриясының инновациялық интеграциясын ілгерілетіп отыр. Биылғы қыста қала қар-мұз фестивальдерін, қойылымдарды, байқаулар мен тағамдарды қамтитын он қар-мұз туризмі бағытын іске қосты. Сондай-ақ, онда қар-мұз фестивальдері, қар мүсіндері көрмелері және қар-мұз карнавалдары сияқты 200-ден астам қар-мұз мәдениеті мен туризм іс-шаралары өткізеді. Сөйтіп, туристерді қар-мұз тамашасынан ерекше ләззат алуға шақырады.
people.cn © People's Daily Online



