Жылдың жақсы амалы : Қысқы күн тоқырау

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 21 желтоқсан

21 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Бүгін солтүстік жарты шарда жылдың ең қысқа күні мен ең ұзақ түні - қысқы тоқырау келіп жетті. Менімен бірге «13 патшалықтың ежелгі астанасы» Сиань қаласына барып, мың жылдық дәстүрді сезініңіз.

Қысқы күн тоқырауы - ежелгі адамдар үшін жиырма төрт амалды есептеудің бастапқы нүктесі және ол жаңа циклдің басталуын білдіреді. Халық «қысқы тоқырау жаңа жылмен бірдей» деп жиі айтады. Бұл күн отбасылық кездесу мен жаңаны қарсы алуға деген ізгі үмітті білдіреді.

Сианьдағы қысқы күн тоқырауының мәні ыстық тұшпараның бір табағында тоғысқандай. Солтүстік тұрғындары тұшпараны ерекше жақсы көреді. Тұшпараның пішіні құлақ тәрізді. Ал аңыз бойынша, оны жеген адамның құлағын қыс бойы үсік шалмайды. Бір табақ тұшпара суықты айдап, тәніңді жылытады. Ал оңтүстіктегі қысқы күн тоқырауында жұмсақ глютинді күріш тұшпарасы дайындалады. Ол «айнала түгел болсын» деген мағынаны білдіреді.

Қысқы күн тоқырауы келе салысымен Қытайдың «тоғыз тоғыз» атты үскірік аязға арналған амалы басталады. Ежелгі қытайлықтар 81 күнді тоғыз «тоғызға» бөліп, оларды «Тоғыз тоғыз» тақпақ етіп құрастырған, онда қақаған суықтан жылы көктемге дейінгі ауа райындағы өзгерістер тұжырымдалған.

Қысқы күн тоқырауы - тек Қытайға ғана тән емес, бүкіл әлемге ортақ мәдени сәт. Корея Республикасында қысқы күн тоқырауында қызыл бұршақ ботқасын жеу дәстүрі «зұлымдықты аластау және апаттардан аулақ болу» деген ежелгі нанымға негізделген; Ал Ұлыбританияда жыл сайын қысқы күн тоқырауында мыңдаған адам неолит дәуірінен қалған Стоунхенджге жиналып, күннің алып тастардың арасынан көтерілу сәтін тамашалайды. Формалары әртүрлі болғанымен, олардың артында жарыққа, жылулыққа және берекеге ұйысуға деген құштарлық жатыр.

Қар басқан кешкі қаланың ежелгі ғимараттары мен шамдары қатар жанып тұр -мұндағы қысқы тоқырауда «гүлденген Тан дәуірінің» ежелгі лебі де, ханфу киіп саяхаттап жүрген жастардың легі де бар.

«Уақыт асығып, аттай желеді,

Тоқырау өтеді, көктем келеді».

Ал сіз тұратын жерде қысқы күн тоқырауын қалай қарсы алады? Қане, пікір жаза отырыңыз.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото