- Барлық ақпарат
Шыңжаңның Алтай аймағы қысқы аулауда салмағы 35 килограмм «балық патшасын» аулады
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 24 желтоқсан

24 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 17 желтоқсан күні Шыңжаңның Алтай аймағындағы су қоймасында қысқы балық аулау кезінде сирек кездесетін қазанбас балық ауланды. Балықтың ұзындығы 1,2 метрден асады, ал салмағы 35 килограмм.

Қысқы балық аулау кезінде салмағы 1,5 килограммнан асатын табан балық пен салмағы 3 килограммнан асатын үлкен шортан балық көптеп ауланды.

Биыл күзде бұл су қоймасынан салмағы шамамен 0,5 килограмм болатын «шаян патшасы» ауланған болатын. Бұл Шыңжаңда ауланған салмағы ең ауыр шаян рекордын орнатты.

Фото:Алтай тоғыспалы медиа орталығы
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



