- Барлық ақпарат
Қытай СІМ: барлық елдің заңды түрде Арктикада қызмет жүргізу құқықтары мен бостандықтары құрметтелуі керек

13 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мао Нин 2026 жылдың 12 қаңтары күні Қытайдың Арктика аймағындағы бейбітшілік, орнытылық және тұрақты дамуды ілгерілетуге бағытталған қызметі халықаралық құқыққа сәйкес келетінін және барлық елдің Арктикада заңға сәйкес қызмет жүргізуге құқықтары мен бостандықтары толық құрметтелуі керек екенін мәлімдеді.
Мао Нин бұл пікірлерді Қытай Сыртқы істер министрлігінің кезекті баспасөз мәслихатында айтты. Бұған дейін АҚШ президенті Д.Трамп Қытай мен Ресейдің Арктика аймағын бақылауына жол бермеу үшін АҚШ Гренландияны қолға алуы керек деген мәлімдеме жасаған болатын.
Мао Нин Арктика халықаралық қауымдастықтың жалпы мүдделерін қамтиды, АҚШ өзінің өзімшіл мүдделері үшін басқа елдерді сылтау ретінде пайдаланбауы керек деп мәлімдеді.
people.cn © People's Daily Online



