Си Цзиньпин: партияны жан-жақты қатаң басқаруды одан да жоғары стандарттар және тіпті де нақты іс-қимылдар арқылы ілгерілету қажет

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 13 қаңтар

13 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 2026 жылы 12 қаңтар күні Қытай Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы Си Цзиньпин партияның жан-жақты басшылығын қолдау және нығайту, сондай-ақ одан да жоғары стандарттармен және одан да нақты шаралармен партияны жан-жақты қатаң басқару қажеттілігін атап өтті.

Мемлекет төрағасы, Орталық Әскери комитет төрағасы Си Цзиньпин бұл талапты Бейжіңде өткен Қытай Коммунистік партиясының 20-сыншы кезекті орталық тәртіп тексеру комитетінің бесінші пленарлық отырысында қойды.

Си Цзиньпин билікті ережелерге бағындыру үшін ғылыми және тиімді шараларды қолдануға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті неғұрлым сергек және табанды түрде ілгерілетуге шақырды. Бұл «15-інші бесжылдық» жоспар кезеңінің мақсаттары мен міндеттеріне жетуге берік кепілдік береді.

Фото: Синьхуа

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото