- Барлық ақпарат
Қыс мезгілінде Такламакан шөліндегі құмды тізгіндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

13 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Қақаған қыс күндерінде Такламакан шөлінің оңтүстік етегіндегі Шыңжаңның Хотан аймағы Қарақаш ауданында температура нөл градустан төмендеді. Ауа-райы суытқанымен, құмды тізгіндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Ондаған бульдозер құм бөгеттерін салып, құм төбелерін тегістеп тоқтаусыз жұмыс жасауда. Ал жергілікті фермерлер қамысты жинап, өңдеп, сабан тақтайша төсеніштерін төсеп, қысқы құмды тізгіндеу жобасын өнімді жүргізіп жатыр.

2024 жылдың қарашасында Такламакан шөлінің айналасындағы экологиялық тосқауыл аяқталғаннан бері Шыңжаң шөлейттенудің алдын алу мен бақылауды жүйелі түрде ілгерілетіп, Оңтүстік Шыңжаңдағы экологиялық қауіпсіздік желісін үздіксіз нығайтып келеді. Сонымен қатар, фермерлер шөлейттенуді бақылаудың алдыңғы қатарына шығып, «егіншіліктен босағанда құмды тізгіндеп, егіншілік маусымында егін егіп», табыс көзін арттырады.








Фото: Синьхуа
people.cn © People's Daily Online



