Еліміз өнеркәсіптік интернет платформаларын жоғары сапада дамыту бойынша іс-қимыл жоспарын жариялады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 14 қаңтар

14 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында ҚХР Индустрия және ақпараттық технологиялар министрлігі «Өнеркәсіптік интернет платформаларын жоғары сапалы дамытуды ілгерілету бойынша іске асыру жоспарын (2026-2028)» жариялады.

Іс-қимыл жоспарында келесі мақсаттар қойылған: 2028 жылға қарай өнеркәсіптік интернет платформаларын жоғары сапалы дамыту оң нәтижелерге қол жеткізеді; «кәсіби + салалық + үйлесімділік» көп деңгейлі платформалық жүйе ұлғайып, айтарлықтай ықпалды платформалар саны 450-ден асады (қазіргі 340 деңгейден асады); негізгі платформаларға қосылған өнеркәсіптік құрылғылар саны да біршама артып, өнеркәсіптік жабдықтарын қосу саны 120 миллион бірлікті құрайды; платформаның ену деңгейі 55%-дан жоғары көрсеткішке жетеді. Барлық жерде негізінен интернет, цифрлық интеллект интеграциясы, терең үйлесімділік және ашық бастапқы кодпен сипатталатын жаңа буын өнеркәсіптік интернет платформасының экожүйесі құрылады.

ҚХР Индустрия және ақпараттық технологиялар министрлігі іс-қимыл жоспары үш стратегиялық бағытқа басымдық беретінін мәлімдеді. Олар : платформаны парықты дамытуды ілгерілету, жасанды интеллект мүмкіндіктерін арттыру және сценарийге негізделген қолданбаларды тереңдету.

Фото: Синьхуа

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото