Қытай Сыртқы істер министрлігі:Қытай мен Орталық Азияның бес елі арасындағы сауда ауқымы 100 млрд доллардан асуы Қытай-Орталық Азия механизмінің жетекші және қозғаушы рөлін көрсетеді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 20 қаңтар

20 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Гуо Цзякунь дүйсенбіде Қытай мен Орталық Азияның бес елі арасындағы сауда көлемі 2025 жылы 100 миллиард доллардан асып, жаңа рекорд орнатқанын, бұл екіжақты ынтымақтастықтың күшті серпінін көрсететінін айтты.

19 қаңтар күні өткен кезекті баспасөз мәслихатында Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Гуо Цзякунь Қытай-Орталық Азия сауда құрылымы үздіксіз оңтайландырылып, Қытай нарығына Орталық Азияның жоғары сапалы өнімдері көбірек еніп жатқанын мәлімдеді.

Ресми өкіл әлемдік экономикалық өсімнің баяулауы және халықаралық сауда жүйесінің қатты соққылар алу жағдайында Қытай-Орталық Азия экономикалық және сауда ынтымақтастығы үрдіске қарсы алға жылжыды. Бұл Қытай-Орталық Азия механизмінің жетекші және қозғаушы рөлін көрсеткенін дәлелдейді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото