Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент лауазымын бекітуді ұсынды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 21 қаңтар

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

ҚР Ұлттық құрылтайының V отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда вице-президент лауазымын бекітуді ұсынды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

«Вице-президентті Парламенттің қарапайым басым дауысының келісімімен ҚР Президенті тағайындайды. Оның өкілеттік аясын Мемлекет басшысының өзі айқындайды. Вице-президент ҚР Президенттінің тапсырмасымен халықаралық форумдар мен шет мемлекеттердің делегацияларымен келіссөздерде Қазақстан Республикасының мүддесін, Парламентте Президенттің мүдделерін білдіретіні, Қазақстандық және шетелдік қоғамдық-саяси, ғылыми, мәдени-ағартушылық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайтыны, Президенттің өзге де тапсырмаларын орындайтыны көзделеді»-,деді Қазақстанның мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото