Елімізде астық өндірісі екі жыл қатарынан 1,4 триллион жыңнан (700 миллиард килограмм) асты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 23 қаңтар

23 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Ауыл шаруашылығы және ауыл-қыстақ министрлігінің мәліметтері бойынша, 2025 жылы Қытайдың астық өндірісі 1,4298 триллион жыңға (714,9 миллиард килограмм) жетіп, 16,8 миллиард жыңға (8,4 миллиард килограмм) өсіп, екі жыл қатарынан 1,4 триллион жың (700 миллиард килограмм) деңгейінен жоғары тұрақты деңгейді сақтап қалды.

Ауыл шаруашылығы ғылым мен технологиясын қолдау үздіксіз күшейтіліп келеді. 2025 жылы еліміз 75,68 миллион му (шамамен 5 045 300 гектар) жоғары стандартты ауыл шаруашылығы атыздарын жаңадан салып, жаңғыртты, отандық дақыл сорттарымен егілген аумақ 95%-дан астамды құрады, ал егу, отырғызу, жинауды кешенді механикаландыру деңгейі 76,7%-ға жетті. Ауыл шаруашылығы ғылым мен технологиясының прогресіне қосқан үлесі 64%-дан асты.

Сонымен қатар ауыл тұрғындарының жан басына шаққандағы қолда бар табысы 24 456 юаньға артты, бұл өткен жылмен салыстырғанда нақты 6%-ға өскенін көрсетеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото