- Барлық ақпарат
Ван И: Қытай мен Ресей қарым-қатынасы дауыл соқса да майыспайтындай берік

8 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Сыртқы істер министрі Ван И бүгін Мемлекеттік XIV Халық құрылтайының төртінші сессиясының сыртқы істер бойынша өткен баспасөз мәслихатында Қытай мен Ресей қарым-қатынасы күрделі және тұрақсыз халықаралық жағдайға тап болғанда да қиындықтарға қарамастан тұрақтылықты сақтап келе жатқанын мәлімдеді.
Стратегиялық тұрғыдан алғанда, Қытай мен Ресей тәуелсіз және өзін-өзі қамтамасыз етеді, әрқашан бір-бірінің негізгі мүдделерін құрметтейді, өз еркін бір-біріне таңудан аулақ және одақтаспау, қақтығыспау және үшінші тараптарды нысанаға алмау қағидаттарын ұстанады.
Саяси тұрғыдан Қытай мен Ресей арасында жоғары деңгейдегі өзара сенім қалыптасқан; олардың тығыз ынтымақтастығы екі ел қарым-қатынасының маңызды сипаттамасы. Екі ел де сыртқы арандатушылықтан немесе қысымнан қорықпайды және күшті стратегиялық беріктікке ие.
Іс-қимылда Қытай мен Ресей тығыз селбеседі. Маңызды халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша Қытай мен Ресей ең көп стратегиялық консенсусқа және ең тығыз стратегиялық селбестікке ие. Оның ішінде халықаралық ережелер мен тәртіпті сақтау мәселесі де бар.
Фото: Синьхуа
people.cn © People's Daily Online



