Ван И APEC-тің «Қытай жылы» туралы айтты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 8 наурыз

8 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Сыртқы істер министрі Ван И бүгін Мемлекеттік XIV Халық құрылтайының төртінші сессиясының сыртқы істер бойынша өткен баспасөз мәслихатында биылғы жыл APEC-тің «Қытай жылы» екенін, Қытайдың осы іс-шараны үшінші рет өткізуді мойнына алғанын атап өтті.

Ван И біз барлық тараппен тығыз байланысқаннан кейін биылғы кездесудің тақырыбын «Азия-Тынық мұхиты қауымдастығын құрып, ортақ гүлденуді ілгерілету» деп бекіткенімізді жеткізді.

Шэньчжэнь APEC саммиті үш басым бағытқа бағытталған: ашықтық, инновация және ынтымақтастық.

Ван И Шэньчжэнь Қытайдың реформа мен ашық есік саясатының маңызды терезесі, Қытай үлгісіндегі социализмнің жарқын бейнесі және Гуандун-Сянган-Аомэнь Үлкен шығанақ аймағы инновациясының алдыңғы қатары екенін атап өтті. Біз APEC-ті Шэньчжэньнен тағы да жолға шығып, Азия-Тынық мұхиты қауымдастығын құру мақсатына қарай қайтадан жол алуды ілгерілету үшін барлық тараппен бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз.

Фото: Синьхуа

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото