- Барлық ақпарат
ҚХР Ауыл шаруашылығы және ауыл-қыстақ министрі: елімізде негізгі дәнді-дақылдарды өсіру толық механикаландырылды

9 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 9 наурыз күні Мемлекеттік XIV Халық құрылтайының төртінші сессиясы кезінде ҚХР Ауыл шаруашылығы және ауыл-қыстақ министрі Хань Цзюнь БАҚ-қа берген сұқбатында «14-інші бесжылдық» жоспар тұсында еліміздің ауыл шаруашылығы ғылымы мен технологиясы прогресінің үлесі 64%-дан асқанын, жақсартылған сорттарды қамту деңгейі 96%-дан асқанын, ал дақылдарды өсіру, отырғызу және жинауды кешенді механикаландыру деңгейі 76,7%-ға жеткенін, негізгі дәнді-дақылдарды өсіру процесі толық механикаландырылғанын мәлімдеді.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығының ақылды және цифрлық трансформациясы жеделдеп келеді, ауыл шаруашылығы өндірісіне әртүрлі ақылды жабдықтар қолданылуда. Өткен жылы ауыл шаруашылығында 300 000-нан астам дрон пайдаланылды, бұл әлемдегі ең көп көрсеткіш, олар 460 миллион му егістік жерге қызмет көрсетті. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығында ақылды өнім жинау роботтары, ақылды суару роботтары және жасанды интеллект негізіндегі лазер арқылы арамшөптерді жұлу роботтары да қолданыла бастады.
Фото: Синьхуа
people.cn © People's Daily Online



