Қытаймен бірге дамып, даму мүмкіндіктерін бөлісейік

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 20 наурыз

20 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- «15-інші бесжылдық» жоспар кезінде Қытай сыртқы әлемге жоғары деңгейдегі ашықтықты қалай кеңейтеді? Ол цифрлық экономиканың дамуына қалай жетекшілік етеді? Жасанды интеллект әртүрлі салалардың жоғары сапалы дамуына қалай ықпал етеді? Шетел қаржыландырған кәсіпорындар үшін бұл сұрақтар тек дамудың жоспарын ғана емес, ең бастысы, көптеген мүмкіндіктерді білдіреді.

Dun & Bradstreet компаниясының Қытайдағы президенті У Гуанъюй онлайн «Халық Газеті» тілшісіне берген сұхбатында деректер элементтерімен басқарылатын шетел қаржыландырған кәсіпорын ретінде Dun & Bradstreet «15-інші бесжылдық» жоспар кезінде Қытайдың жоғары деңгейдегі ашықтықты тереңдеуіне мұқият назар аударады және оны асыға күтеді. Біз цифрлық экономиканың қарқынды дамуы және Қытайдың технологиялық инновацияларының әлемге көшбасшы болатынына үміттіміз деп өз ойымен бөлісті.

Қытайдың «жоғары деңгейдегі ашықтығын ілгерілету» саясатына ілесе Dun & Bradstreet компаниясы Хайнань аймағындағы дамуында жемісті нәтижелерге қол жеткізді. У Гуанъюй Хайнань еркін сауда портының бүкіл арал бойынша арнайы кедендік операциялары былтыр желтоқсан айында ресми түрде қосылғаннан бері, Dun & Bradstreet компаниясының меншікті кодтау жүйесін пайдалану арқылы әлемдік сауда тізбегіне енетін қытайлық кәсіпорындардың саны артып келе жатқанын атап өтті.

Henkel компаниясының Қытай аумағындағы президенті Анна онлайн «Халық Газеті» тілшісіне берген сұхбатында «15-інші бесжылдық» жоспардың ашылған жылында Қытай «шетелдік инвестицияларды ілгерілету жүйелері мен тетіктерін реформалауды тереңдетуге» және «шетелдік капиталды тарту үшін жаңа бәсекелестік артықшылықтарды дамытуға» ұмтылатынын ашық мәлімдеді. Бұл біздің одан да ашық, әділ және болжамды бизнес ортасын елестетуімізге мүмкіндік береді деп бағалап отыр.

DHL Express компаниясының Қытайдағы бас директоры У Дунмин «Бір белдеу, бір жол» бастамасы мен аймақтық кешенді экономикалық серіктестік (RCEP) арқылы туындаған сауда өсуінің арқасында Қытайдың ынтымақтасып, тең ұтысқа жету тәжірибесіне деген ұмтылысы жаңа нарықтық мүмкіндіктер жаратып қана қоймай, сонымен қатар Азия, Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия және одан тыс жерлерде байланысты нығайту арқылы логистикалық қызметтерге деген сұраныстың артуына себепші болғанын атап өтті.

Volkswagen Group(Қытай)компаниясының атқарушы вице-президенті Лю Юньфэн соңғы жылдары Қытай жаңа энергетикалық және интеллектуалды байланысқан көлік секторларында шетелдік инвестицияларға қойылатын шектеулерді үздіксіз жеңілдетіп, зияткерлік меншікті қорғауды күшейтуді жалғастырып келе жатқанын мәлімдеді. Қытайдың ашық есік саясаты жоғары деңгейге көтерілген сайын, ол шетел қаржыландыратын кәсіпорындарға Қытайдың өндірістік өнеркәсібін жаңғыртуға және өнеркәсіптік инновацияларға терең қатысуға кең мүмкіндіктер туғызды.

Corning Incorporated компаниясының вице-президенті, сондай-ақ Қытайдағы президенті және бас менеджері Линь Чуньмэй онлайн «Халық Газеті» тілшісіне Қытайдың ашықтық бастамалары түзімдік ашықтық арқылы ынтымақтастықтың негізін нығайтуға және өндіріс тізбегімен сәйкесу арқылы ашықтықтың құндылығын ашуға қызмет ететінін айтты. Сонымен қатар «Қытайдағы ақылды өндірісті» жаһандық деңгейге көтеруді ынталандыру арқылы бұл бастамалар жаһандық жеткізу тізбектерінің дамуын ашықтық, инклюзивтілік, өзара пайда жеткізіп, тең ұтысқа жету даму бағытына қарай бет алдырады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото