- Барлық ақпарат
Шыңжаңның Куньюй қаласында құмды тізгіндеу үшін мыңдаған адам ағаш отырғызуға жұмылды

20 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаңдағы Такламакан шөлінің етегінде орналасқан Куньюй қаласы жақында 2026 жылғы көктемгі шөл дала ағаштарын отырғызу науқанын бастады. Жел мен құмға төтеп бере отырып, шамамен 3000 үкімет қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар жасыл желек отырғызып, құм теңізіне үміттің ұрығын септі.
Ағаш отырғызу науқаны кезінде тораңғы мен жыңғылдың 210 000-нан астам көшеті, 10 000-нан астам Шыңжаң теректері мен өрік ағаштары отырғызылды. Таңдалған барлық көшеттер жергілікті ортаға жақсы бейімделген жоғары сапалы сорттан тұрады.
Жауапты тұлға: «Біз сексеуіл, тораңғы, жыңғыл және жиде сынды тамыры жақсы дамыған, топырақты жерсіну ықтималдығы жоғары ағаштарды таңдап, егіп жүрміз. Қазіргі уақытта бұл жоғары сапалы сорттарды егу деңгейі 95%-дан асады»-, дейді.
Биыл Куньюй қаласы 12 000 му-дан астам аумақты қамтитын орман отырғызу жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отыр. Осы жолғы отырғызылған ағаштар осы мақсаттың 1000 му-дан астамын орындайды.

people.cn © People's Daily Online



