Шанхай 30 жаңа көпұлтты компанияның аймақтық штаб-пәтері мен 15 шетел қаржыландыратын зерттеу және әзірлеу орталығын бекітті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 20 наурыз

20 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 18 наурыз күні Шанхайда көпұлтты компаниялардың аймақтық штаб-пәтерлері мен шетел қаржыландыратын зерттеу және әзірлеу орталықтары үшін 42-інші сертификаттау рәсімі өтті. Қала жаңадан көпұлтты компаниялар үшін 30 аймақтық штаб-пәтер және 15 шетел қаржыландыратын зерттеу және әзірлеу жұмыстар орталығын белгіледі.

Осы жолы бекітілген көпұлтты компаниялардың аймақтық штаб-пәтері және шетел қаржыландыратын зерттеу және әзірлеу орталықтары негізінен Шанхайдың биомедицина, интегралдық микросхемалар, жоғары сапалы жабдықтар, автомобиль және сән тұтыну тауарлары сынды негізгі басымдықты салаларынан алынған.

2025 жылы Шанхайда 6300-ден астам жаңа шетел инвестициялары бар кәсіпорындар құрылды, бұл ұқсас мезгілмен салыстырғанда 6,8%-ға артық, ал нақты пайдаланылған шетел капиталы 16 миллиард АҚШ долларынан асты.

2026 жылдың ақпан айының соңындағы жағдай бойынша Шанхайдағы көпұлтты компаниялардың аймақтық штаб-пәтері және шетел қаржыландыратын зерттеу және әзірлеу жұмыстар орталығының жалпы саны сәйкесінше 1084 және 647-ге жетті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото