- Барлық ақпарат
Сиху көліндегі Лунцзин шайы теріле бастады

20 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 19 наурыз күні Чжэцзян өлкесінің Сиху(Батыс көлі)көлі Лунцзин шайы «Лунцзин 43» сортындағы шайды жинау ресми түрде басталды. Чжэцзян өлкесі Ханчжоу қаласы Сиху(Батыс көлі)Лонцзин шайы бірінші дәрежелі қорғау аймағындағы Мэйцзяу, Лунцзин және Вэнцзяшань ауылы сынды шай өндіру аймақтарының фермерлері Цинмин мерекесіне дейінгі жиналып болатын шайларды тере бастады. Ал дәстүрлі «топтық сорттардағы» шайды жинау наурыз айының соңында басталады деп жоспарлануда.
Ханчжоудың ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биыл көктем басталғаннан бері ауа температурасының көтерілуі, жауын-шашынның көбеюі және күн сәулесінің мол түсуі шай ағаштарының қоректік заттарды сіңіруін жеделдетіп, бойына нәрді мол жинауына себеп болды. Наурыз айының ортасынан аяғына дейінгі температураның, күн сәулесінің және ылғалдың жеткілікті болуы шай бүршіктерінің өсуіне, жиналуы мен өңделуіне қолайлы жағдай жасады.







people.cn © People's Daily Online



