Гуйчжоу тау жаңғағы алғаш рет жабайы табиғатқа егілді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 26 наурыз

26 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Гуйчжоу өлкесі Гуйян қаласы Орман шаруашылығы бюросының мәліметі бойынша, зерттеушілер жақында сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жабайы өсімдік - Гуйчжоу тау жаңғағын төтенше жағдайда қорғауды одан әрі күшейту мақсатында алғаш рет табиғатқа қайтарып, қайта жерсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бастама барысында барлығы 710 Гуйчжоу тау жаңғағы көшеті қайта жерсіндірілді, бұл түрдің алғаш рет өзінің бастапқы тіршілік еткен ортасында қорғалуы және табиғатқа жерсіндірілуі. Гуйчжоу тау жаңғағы —жаңғақ тұқымдасына жататын, Қытайда ғана бар сорт. Ол ұлттық II дәрежелі санатпен қорғалатын жабайы өсімдік.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото