- Барлық ақпарат
Былтыр Қазақстанға 1 миллионға жуық қытайлық турист келген

Фото: Kazinform
Қазақстанға келетін шетелдік саяхатшылардың саны жылдан-жылға артып келеді. Бұл жөнінде ҚР Туризм және спорт министрлігі ресми сауалымызға жолдаған жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZINFORM.
2025 жылы Қазақстан Республикасына 15,7 млн шетелдік азамат келді, — делінген хабарламада. Соның ішінде қытайлық турист саны 968 838 адам.
Былтыр Қазақстанға келген туристер саны бойынша ТОП-10 ел:
1. Өзбекстан — 5 590 173 адам;
2. Қырғызстан — 3 545 701 адам;
3. Ресей Федерациясы — 3 502 093 адам;
4. Қытай — 968 838 адам;
5. Тәжікстан — 883 758 адам;
6. Беларусь — 167 116 адам;
7. Үндістан — 157 845 адам;
8. Түркия — 135 952 адам;
9. Әзербайжан — 96 834 адам;
10. Германия — 95 229 адам.
Айта кетерлігі, Қытай туристерінің Қазақстанға сапарының саны қарқынды өсіп, 2024 жылы 655 мың адамға жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 78%-ға жоғары.
people.cn © People's Daily Online



