Шыңжаңнан биылғы алғашқы Батыс құрлық-теңіз жаңа дәлізінің арнайы жүк пойызы жолға шықты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 27 наурыз

27 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 26 наурызда поливинилхлоридке толтырылған арнайы жүк пойызы Чжундунбей бекетінен жолға шықты, алда Гуансидегі Пинсян бекеті арқылы Вьетнамға жөнелтіледі. Бұл – биыл Шыңжаңнан аттанған алғашқы Батыс құрлық-теңіз жаңа дәлізінің арнайы жүк пойызы.

«15-інші бесжылдық жоспардың» (2026-2030 жылдар аралығы) басталу жылында Шыңжаң теміржол бөлімшесі Шыңжаң кәсіпорындарының экспорттық сұранысын нақты бағдарлап, Қытайдың Шыңжаңынан Вьетнамға баратын алғашқы химиялық өнімдер арнайы пойызын ұйымдастырды. Бұл Шыңжаң өнімдерінің АСЕАН нарығына шығуына қолайлы халықаралық логистикалық жаңа арна ашты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото