Қытай компаниясы салып жатқан Қазақстанның ірі жел электр стансасы жобасының құрылысын бастау рәсімі өтті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 10 сәуір

Сурет Синьхуа агенттігінен алынды

10 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай компаниясы салып жатқан Қазақстандағы «Мирный» 1 гигаватттық жел электр стансасы жобасының құрылысын бастау рәсімі 9 сәуірде Астанада өтті.

Шанхай электр жабдықтары корпорациясының (бұдан әрі – «Шанхай электр») мәліметінше, «Мирный» жел электр стансасы жобасы Қазақстандағы гигаватт деңгейіндегі алғашқы жел энергиясын сатып алу-сату шартты жобасы. Жобаны француздың Total Energies компаниясы, Қазақстанның «Самұрық-Энерго» және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниялары бірлесіп құрған кәсіпорын әзірлеп, «Шанхай электр» бас мердігерлер бірлестігінің жетекшісі ретінде негізгі жабдықтар мен толық шешімдерді ұсынады.

Мәліметтерге сәйкес, жобаның құрылысының жалпы мерзімі 31 айды құрайды, ол 2028 жылдың төртінші тоқсанында пайдалануға беріледі. Жылдық электр энергиясын өндіру көлемі 4 миллиард киловатт-сағатқа жетуі мүмкін, ал көмірқышқыл газының шығарындылары жылына 3,2 миллион тоннаға азаяды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото