Allur халықаралық серіктестікті нығайтты: Алматыда жаңа MG дилерлік орталығы ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 10 сәуір

Алматыда Allur компаниясының құрамындағы MG брендінің жаңа дилерлік орталығы ашылды. Бұл оқиға Қытай мен Қазақстан арасындағы өндірістік және экономикалық әріптестіктің жаңа кезеңін айқындап, Қазақстанның автокөлік нарығының дамуына серпін берді. Сонымен қатар саладағы халықаралық ынтымақтастықтың нығаюына ықпал еткен маңызды қадам болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматының Майлин көшесінде орналасқан жаңа автоорталықтың ашылу рәсімі ресми әрі мазмұнды бағдарлама аясында өтті. Іс-шараға Allur және SAIC Motor компанияларының басшылығы, Шанхай мэрі мен Қытай үкіметінің делегациясы, Қазақстанның Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты.

Айта кетейік, Қазақстанда MG брендінің ресми дистрибьюторы әрі өндірістік серіктесі ретінде Allur компаниясы дилерлік желіні белсенді түрде дамытып жатыр. Қазіргі таңда брендтің 10 дилерлік орталығы Алматы, Астана, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Семей, Шымкент, Көкшетау және Ақтөбе қалаларында жұмыс істейді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото