Шыңжаң жергілікті тағамдары Шанхайдағы байқауда бірнеше жүлдеге ие болды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 13 сәуір

Көне әдіспен қақталған қой қабырғасы

13 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Шанхай қаласында cегізінші жергілікті тағамдарды дамыту және алмасу конференциясы өтті. Қытайдың Шыңжаң өңірінен 7 асхананың ұлттық тағамдары конференцияның Арнайы алтын және алтын жүлделерін жеңіп алып, Шыңжаң тағамдарының бірегейлігін көрсетті.

Конференцияға елдегі 28 өлке, автономиялы регион және орталыққа тікелей қарасты қала асханалары қатысты. Шыңжаң аспаздық қауымдастығы 15 мекеменің қатысуын ұйымдастырып, оның ішінде 7 мекеменің тағамдарын үздік деп таныды.

Жеңімпаз Шыңжаң тағамдарының тізімі:

Сүмон самсасы (сомон балығы бар самса), Көмбеге қақталған ет, Көне әдіспен қақталған қой қабырғасы, Дапаньцзи (Шыңжаң тауық қуырмасы), Гэлаомиянь (кептер сорпасы кеспесі), Цзяомацзи (бұрышты тауық еті), Лазэцзи (ащы тауық еті қуырмасы).

Көмбеге қақталған ет

Цзяомацзи (бұрышты тауық еті)

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото