- Барлық ақпарат
Қытай суретшісі Цай Гао 2026 жылы Ханс Кристиан Андерсен атындағы сыйлыққа ие болды

14 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай суретшісі Цай Гао 13 сәуірде Италияның Болонья қаласында өткен Халықаралық балалар кітап көрмесінде 2026 жылғы Халықаралық Андерсен сыйлығының суретшілер номинациясын жеңіп алды. Бұл - қытай суретшілерінің осы марапатқа тұңғыш рет ие болуы.
Халықаралық балалар әдебиеті ұйымының 13 сәуірде өткен жылдық баспасөз мәслихатында 2026 жылғы Халықаралық Андерсен сыйлығы қазылар алқасының төрағасы Шерлин Креди бұл жаңалықты ресми түрде мәлімдеді.
Кредидің сөзінше, Цай Гаодың туындылары ерекше сапа, көркемдік шеберлік және әсерлілік танытады. «Оның шығармалары бүкіл әлемдегі көптеген баланы Қытайды тануға шабыттандырады», - деді ол.
Цай Гаодың туындылары дәстүрлі қытай мәдениетінің терең қатпарларына негізделген, сулы-сиялы бояудың шығыс көркемдік астарын арқау етеді, бейнелі және жарқын халықтық эстетикамен үндеседі, балалық шақтың жаныңды жылытатын балғын көзқарасын назарда ұстап, халық аңыздары, классикалық әдебиет пен күнделікті өмірді шебер түрде қайта жаңғыртады.

people.cn © People's Daily Online



