- Барлық ақпарат
Қытай әлемдегі маңызды оқу ордаларының біріне айналды

16 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші 2026 жылғы Қытай шетелде оқу форумынан (CSAF) алған мәліметі бойынша, қазіргі таңда Қытай әлемдегі маңызды оқу ордаларының біріне айналды.
Статистикаға сәйкес, 2024-2025 оқу жылының соңына дейін әлемнің 191 елі мен аймағынан барлығы 380 мың халықаралық студент Қытайда оқып, тәжірибе алмасты. Оның ішінде Қытай үкіметінің стипендиясын алатын студенттердің үлесі шамамен 8%-ды құрады.
Білім алушылар келетін өңірлер бойынша, Азия студенттерінің үлесі 61,1%-ды, Африка студенттері 16,2%-ды, Еуропа студенттері 15,6%-ды, Америка және Океания студенттері 7,1%-ды құрады.
Білім деңгейі тұрғысынан диплом алатын студенттердің жалпы саны 205 мың адамды құрады, оның ішінде магистранттар мен докторанттардың үлесі 35%-ға жетті.
Мамандық түрлері бойынша, инженерлік мамандықтарынан білім алушылар саны бірінші орында тұр, ол диплом алатын студенттер жалпы санының 27,8%-ын құрайды.
people.cn © People's Daily Online



