Зерттеу: Қытайдың ересек тұрғындарының жалпы кітап оқу деңгейі 82,3% - ға жетті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 21 сәуір

21 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 20 сәуірде жарияланған Қытайдың ұлттық кітап оқу зерттеуінің нәтижесі бойынша, 2025 жылы елдегі ересек тұрғындарының кітап, газет-журнал және сандық басылымдарды қоса алғандағы әртүрлі медиа құралдар арқылы жалпы оқу деңгейі 82,3% - ды құрады. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 0,2 пайыздық тармаққа өскен.

Зерттеу көрсеткендей, 2025 жылы Қытайдың ересек азаматтары жан басына шаққанда орта есеппен 8,39 кітап (қағаз және электронды форматта) оқыған.

Зерттеу сондай-ақ, өткен жылы Қытайдың ересек тұрғындарының 80,8% - ы цифрлық оқумен айналысқанын көрсетті. Аудиокітаптар мен кітаптарға шолу жасайтын бейнекөрсетілімге қызығушылық артып келеді. Тиісті үлес 2024 жылғы 38,5% және 5,7% - дан 2025 жылы 38,7% және 6,3% - ға өскен.

Күшті сұраныс нарықтың дамуына серпін берді. Зерттеу бойынша, Қытайдағы ересектерге арналған сандық оқу нарығының көлемі бес жыл ішінде екі есеге жуық өсіп, 30,25 миллиард юаньнан 59,48 миллиард юаньға дейін жеткен.

Осыған қарамастан, қағаз кітаптар өзінің тартымдылығын сақтап отыр: қытайлық ересек азаматтардың 45,9% - ы әлі де қағаз кітаптарды артық көреді. 37,6% - ы ұялы телефон арқылы оқуды, 9,3% - ы аудиокітап тыңдауды, ал 9,0% - ы электронды оқу құрылғыларын таңдайды. Сонымен қатар, мазмұн тұрғысынан әдеби шығармалар ерекше сұранысқа ие. Бұл қоғамдағы терең ойлау, жүйелі білім алу және рухани баюға деген терең қажеттіліктің азаймағанын көрсетеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото