- Барлық ақпарат
2026 жылғы ШЫҰ халықаралық кинофестивалі Қырғызстанда өтті

29 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің 2026 жылғы халықаралық кинофестивалі Қырғызстанның Ыстықкөл облысында өтті. Бұл кинофестиваль ШЫҰ құрылғанына 25 жыл толуына арналған салтанатты іс-шаралар сериясының маңызды құрамдас бөлігі әрі Қырғызстанның ШЫҰ-ға төрағалық ету кезеңіндегі басты назарға алынған мәдени іс-шара. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ресми делегациялары, дипломатиялық өкілдері, халықаралық қазылар алқасы, танымал режиссерлер, актерлер мен продюсерлер Ыстықкөл жағасында жиналып, осы көпқырлы киномәдениет алмасу мерекесіне қатысты.
Бұл кинофестиваль аясындағы маңызды қосалқы іс-шара – Алғашқы Ыстықкөл (Қырғыз-Қытай) халықаралық кинофестивалі де қатар өтті. Фестивальде Қытайдың көптеген фильмі көзге түсті: «Тау хаттары» фильмі «Алтын түйе» сыйлығының үздік сценарий номинациясын иеленсе, «Кунган дабылы» және «Дао тайцзы» сынды екі фильм «Алтын түйе»-нің үздік көркем фильм номинациясына ие болды, ал Хань Цинхуаның «Хуанхэ жүрегімде» фильміндегі рөлі үшін «Алтын түйе» үздік актер сыйлығын жеңіп алды.
Кинофестиваль барысында фильмдер көрсетілімі, киноөнер саласындағы дөңгелек үстел отырыстары, шетелдік өнер тұлғаларының салондық алмасу дөңгелек үстелдері сияқты түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, әр елдің кинематографистеріне тиімді ынтымақтастық алаңын ұсынды.
people.cn © People's Daily Online



