9-ыншы Қытай халықаралық импорт көрмесінің алғашқы экспонаттар партиясы Австриядан жөнелтілді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 10 тамыз

10 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Австрияның Линц қаласының жергілікті уақыты бойынша 7 тамыз күні 9-ыншы Қытай халықаралық импорт көрмесіне арналған алғашқы экспонаттар партиясы болған австриялық WFL Millturn Technologies компаниясының жабдықтары Линцтегі штаб-пәтерінде көлікке тиеліп, ресми түрде Шанхайға жөнелтілді.

WFL — айналмалы өңдеу орталықтарын зерттеу, әзірлеу және өндірумен айналысатын мамандандырылған станок өндіруші компания. Оның өнімдері энергетика мен қуат, ауыр кеме жасау және аэроғарыш сияқты салаларда кеңінен қолданылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото