- Барлық ақпарат
Эрхай көліндегі балық аулау шамдары жұлдызды аспандай жарқырайды
18 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Балық аулау шамдарының жымыңдаған жарығы жұлдызды аспандай тамаша көрініс қалыптастырды. 15 қыркүйекте Юньнань өлкесі Дали қаласындағы Эрхай көлінде 2026 жылғы экологиялық жүйелеу жұмыстары ресми түрде басталды. Бастама кәдімгі сазан, табан балық, дөңмаңдай балық, қазанбас балық сияқты сырттан қосылған ұсақ балықтарды іріктеп аулау арқылы популяция құрылымының сапасын арттырып, су өсімдіктері мен зоопланктон шоғырын қалпына келтірді.
Түн шымылдығын жапқанда, Эрхай көлінің бетінде самсаған балықшылық шамдары бейне жұлдыздар аспаннан көл бетіне ағып түскендей көрініс қалыптастырады.
Эрхай көліндегі 2026 жылғы экологиялық реттеу жұмыстары екі кезеңмен жүргізіледі: бірінші кезең 15 қыркүйектен 8 қазанға дейін, екінші кезең 20 қарашадан 5 желтоқсанға дейін жалғасады.






people.cn © People's Daily Online



