Сары құмнан «көк теңізге» дейін: Технология Кубучидің жасыл болашағын қайта құруда

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 16 қазан

16 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Ішкі Моңғұлдың Ордос қаласындағы Далад өңіріндегі күннің қозғалысын қалт жібермей бақылап тұрған ұшы қиырсыз көк түсті фотоэлектрлік панельдер бейне бәйгеге түскелі тұрған тұлпарлардан аумайды. Панельдердің астында шөл далаға төзімді өсімдіктер жайқалып өсіп, жел мен құмға қарсы тосқауыл қызметін атқарып тұр. Бұрын сары құм басқан бұл шөлді аймақ енді жаңа энергетиканы дамыту, экологияны қалпына келтіру және жергілікті тұрғындардың табысын арттыру арасындағы тепе-теңдікті сақтайтын даму жолын салды.

Сары құмнан «көк теңізге» айналудағы бұл өзгеріс тек бір ғана күштің арқасында емес, саяси бағыт-бағдар, технологиялық инновациялар және жергілікті деңгейдегі іс-қимылдардың үйлесімді күш-жігерінің нәтижесінде жүзеге асты. Бас хатшы Си Цзиньпин «өндірісі дамыған, тұрмысы ауқатты және экожүйесі жақсы өркениетті даму жолымен табанды түрде жүру» қажеттігін ерекше атап өтті. Болашаққа көз салсақ, Қытайдың шөлді игеру тәжірибесі жаһандық деңгейге қарқынды түрде бет алып, еліміз әлеммен қол ұстасып, шөл даланы жасыл алқапқа айналдыратын одан да көп дамудың ғажайыптарын жаратады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото