- Барлық ақпарат
HSK емтиханын тапсырушылар саны алғаш рет 1 миллионнан асты

16 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 2026 жылғы Дүниежүзілік қытай тілі конференциясы 13-15 қараша аралығында Бейжіңде өтті. Іс-шараға 160-тан астам ел мен аймақтан шамамен 5000 өкіл қатысты. Конференция барысында 2026 жылы HSK (Hanyu Shuiping Kaoshi — қытай тілі деңгейін анықтайтын емтихан) тапсырушылар санының алғаш рет 1 миллионнан асқаны жарияланды. Қытай тілін үйренуге деген сұраныс артқан сайын, тілді қолдану аясы да кеңейіп келеді.
HSK-дің қазіргі таңда 169 елде 1500-ден астам емтихан тапсыру орталығы бар. Бұл қамтитын елдері жағынан әлемдегі тіл меңгеру деңгейін тексеретін емтихандар арасында көш бастап отыр. Сонымен қатар, бүкіл әлем бойынша қытай тілін үйрену ауқымы кеңейіп, шетелде қытай тілін оқып жатқан немесе қолданатын адамдар саны 210 миллионға жетті.


people.cn © People's Daily Online



