«Бейбітшілік миссиясы-2021» бірлескен әскери жаттығуына қытай әскерлері қатысады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 7 қыркүйек
«Бейбітшілік миссиясы-2021» бірлескен әскери жаттығуына қытай әскерлері қатысады

7 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- «Бейбітшілік миссиясы-2021» ШЫҰ терроризмге қарсы бірлескен әскери жаттығуына қатысатын қытайлық қатысушы әскерлерді теміржол көлігімен тасымалдаудың бірінші эшелоны 26 тамыз күні кешкісін Цзилинь өлкесінің Байчэн қаласынан Ресейдің Орынбор қаласының жаттығу алаңына аттанды. Бұл қытайлық қатысушы әскерлерді көп түрлі қосынмен, ұзақ қашықтыққа және ауыр тұрпатты жабдықтармен трансшекаралық жеткізудің ресми басталуын білдіреді. Жаттығу ағымдағы жылдың 11-25 қыркүйек аралығында Ресейдің Орынбор қаласындағы Шығыс Гузз полигонында өтеді. Жаттығуға Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Үндістан, Пәкістан және Өзбекстан сияқты ШЫҰ -ға мүше сегіз мемлекеттен жалпы саны 4000 -ға жуық әскерлер қатысады. Олардың ішінде жаттығуға 550-ден астам қытайлық әскер қатысып, 130 автокөлік (жабдық) жіберіледі.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото